Қазақстан • 16 Мамыр, 2018

 Астанада V Халық­аралық «KADEX-2018» қару-жарақ және әс­кери-техникалық көрмесі өтеді

313 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мамыр айының 23-26 аралығын­да Астанада VХалық­аралық «KADEX-2018» қару-жарақ және әс­кери-техникалық көрмесі өтеді. Бұл шараны өткізу міндеті биылдан бас­тап Қорғаныс және аэро­ғарыш өнеркәсібі министрлігіне жүктел­ген.

 Астанада V Халық­аралық «KADEX-2018» қару-жарақ және әс­кери-техникалық көрмесі өтеді

Аталған іс-шараға отандық және шетелдік қорғаныс-өнер­кәсіп кешені, ғарыштық сала мен ақпараттық қа­уіп­­­­сіздік саласының кә­сіп­орындары, жетекші кон­­струк­торлық бюро мен ғылы­ми-зерттеу институттары қ­а­­ты­сады деп күтілуде. Ұйым­­­­­дас­тырушылардың ай­ту­ла­рына қарағанда, биылғы көрменің басты ерекшелігі – «KADEX-2018» көрмесінің құрам­дас бөлігі ретінде «Қа­зақ­стандағы ғарыш күн­дері» халықаралық форумының өткі­зілуі. Бұл бастама Астана қа­ла­сының 20 жылдығына орай жоспарға енгізілген.

Көрмеде алғаш рет отан­дық және әлемдік космонав­ти­каның жетістіктеріне ар­нал­­­ған жеке павильон­ ұсы­ны­латын болады. Сон­дай­ақ әлемдік жетекші өндіру­шілердің қару-жарағы және әскери техника, әскери және азаматтық мақсаттағы өнім­дері көрсетіледі.

Жалпы, «KADEX» көр­месі шартарапқа кеңі­нен танылған алаңға айнал­ған­дығын келесі деректер де рас­­тай түседі. Қазірдің өзінде «KADEX-2018» көр­ме­сіне Ресей, Беларусь, Қырғыз­стан, Армения, Иран, БАӘ, Түркия, Иордания және басқа мемлекеттердің қорғаныс министрліктерінің бастамасымен 21 ресми делегация келетіндіктерін растап отыр. Бұған қоса, әлемнің АҚШ, Бразилия, Германия, Из­раиль, Үндістан, Қытай, Ресей тә­різді 26 елінен 294 кәсіп­орын өз өнімдерін әкеледі. Со­­нымен қатар шетелдік 96 кәсіпорынның басшылары біздің елордаға келуге ниет­ті.

Демек, көрмеге келу­ші­лер қаруланудың озық үл­гі­лерінен бастап, ақпарат­тық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге дейінгі заманауи жетіс­тік­терді көре алады.

Әлбетте кез келген мем­­­­­­­­­лекет­тің әлем алдын­да­­­ғы абырой-беделі Қару­лы Күштерінің жай-күйі­мен анықталады. Бұл ретте Қазақ­стан Қарулы Күштері­нің түбегейлі қалыптасып, өзгелерге көрсетері де көбей­ді. Оның ішінде сержанттардан бастап генералдарға дейін әскердің барлық саласы бойынша отандық оқу орындарында білім алуда. Қару-жарақтың жекелеген түрлері де елімізде жасалып, өндірістің тағы бір қыры өркендей түсті. Онымен қоса, әскери техника өнеркәсібінде Ресей, Израиль және Еуропа елдерімен тиімді байланыстар орнаған.

Қорыта айтқанда, шетел­діктер «KADEX-2018» көрме­сін көруге де, өз өнімдерін көр­­се­туге де келеді. Ал жалпы, бұқара көрменің қызық­тарын 25-26 мамыр күндері тамашалай алады.

Серік ӘБДІБЕК,

«Егемен Қазақстан»